Қоғамдық тәртіп пен білім саласындағы жаңа өзгерістер

Қазақстанда азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және әлеуметтік ортадағы тәртіпті нығайту бағытында маңызды қадамдар жасалуда. Биылғы жылдың 12 шілдесінен бастап «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» заңға енгізілген толықтырулар күшіне енді. Жаңа нормаға сәйкес, қоғамдық орындарда тұлғаны тануға кедергі келтіретін киім киюге тыйым салынады. Бұл талап діни сенім бостандығын шектеу емес, қауіпсіздік шараларын күшейтуге бағытталған. Тыйым тек бетті толықтай жауып тұратын балаклава, никаб, маска және бет-әлпетті тануға мүмкіндік бермейтін өзге де киім түрлеріне қатысты. Мұндай өзгеріс бейнебақылау арқылы азаматтардың жеке басын дер кезінде анықтауға жағдай жасайды және қоғамдық тәртіптің сақталуына ықпал етеді.

Сонымен қатар, Шымкент қаласында білім беру саласында да айтарлықтай жұмыстар жүргізіліп жатыр. Құрылыс басқармасының мәліметінше, биыл 17 білім нысанының құрылысы қолға алынған. Оның ішінде жаңа ғимараттар мен мектептер, оқушылар сарайлары және жатақханалар бар. Ақпан айында Тұран шағын ауданында 500 орындық Оқушылар сарайы пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін тағы бес нысанның құрылысы аяқталмақ: №19 және №50 мектептерге қосымша ғимараттар, Тельмандағы 1200 орындық мектеп, С.Рахимов атындағы мектеп және Сайрам колледжінің жатақханасы. Ал №16 мектепке қосымша ғимараттың құрылысы 2026 жылға өтпелі жоба ретінде жоспарланған.

Бұдан бөлек, қаладағы он білім ошағы күрделі жөндеуден өткізілуде. Қазіргі таңда тоғыз мектептің жұмысы толық аяқталып, жаңа оқу жылына дайын тұр. Ал «Дарынды балаларға арналған №1 мамандандырылған ІТ лицей-интернатының» жөндеу жұмыстары қыркүйек айында бітіреді деп күтілуде.

Жалпы алғанда, қабылданып жатқан шаралар қоғамдағы тәртіпті сақтауға, қауіпсіздікті арттыруға және білім беру инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған. Бұл өзгерістер азаматтардың күнделікті өмірін жеңілдетіп қана қоймай, болашақ ұрпақтың сапалы білім алуына да кең мүмкіндік ашады.

Бұл туралы бүгін, Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі ақпарат алаңында өткен брифингте, Шымкент қаласы әкімдігінің ресми өкілі, қала әкімінің орынбасары – Сәрсен Абайұлы Құранбек мәлімдеді

Созақ ауданында ерекше балаларға арналған фотожоба мен көрме ұйымдастырылды

Созақ ауданының орталығы Шолаққорған ауылындағы «Мыңжылқы» мәдениет үйінде аудан әкімі Мұхит Тұрысбековтің қолдауымен ерекше балаларға арналған «Сен, ерекшесің» атты фотожобаның қорытынды шарасы өтті.

Созақ ауданында медицина қызметкерлері күніне орай сала қызметкерлері марапатталды

Бүгін Созақ аудандық «Мыңжылқы» мәдениет сарайында Медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиын өтті. Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Алтын Күнтуқызы, аудандық мәслихаттың төрағасы Ордабек Жәмиев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қабылбек Еспенбетов және денсаулық сақтау саласының ардагерлері мен қызметкерлері, мәслихат депутаттары мен қоғамдық ұйым өкілдері қатысты.

Әлеуметтік көмек енді мұқтаж отбасыларға әділ түрде беріледі

Қазақстанда әлеуметтік қолдаудың жаңа тәсілі енгізілуде. Бұған дейін көмек республикалық және жергілікті деңгейде көрсетілгенімен, өңірлер арасында айырмашылықтар байқалатын: бір аймақта көлемді қолдау көрсетілсе, басқа өңірде ол аз болатын. Осы олқылықты жою мақсатында мемлекет әлеуметтік көмекті әділ бөлуді қолға алды.

Созақ ауданы: Шу өзені мен «Фурманов» каналына қатысты мәселелер талқыға түсті

Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбековтің төрағалығымен Шу өзені суына қатысты лездемелік жиын өтті. Жиынға салаға жауапты мамандар мен Шу өзенінің бойында орналасқан ауылдық округтердің әкімдері қатысты.

Созақ ауданы: мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына қоғамдық бақылау жүргізілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастамасымен Созақ ауданы әкімі аппаратының әкімшілік шаруашылық, құжаттандырумен қамтамасыз ету, ақпараттық қауіпсіздік және мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингі бөлімінің бас инспекторы С.Қарабаев, Созақ аудандық "Демеу" мүгедектер қоғамдық бірлестігінің төрайымы, аудандық қоғамдық кеңестің мүшесі Б. Смахова Созақ ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімі бойынша көрсетілетін мемлекеттік кызметтердің сапасын арттыру мақсатында қоғамдық бақылау жұмысы жүргізілді.

Шымкентте "Таза Қазақстан" аясында ауқымды тазалық шарасы өтті

Шымкент қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында кезекті тазалық акциясы ұйымдастырылды. Өткізілген тазалық шаралары қала тұрғындарының табиғатқа жанашырлықпен қарап, туған жерді көркейтуге деген жоғары белсенділігін көрсетті.

Созақ: Құмкентте жүзеге асып жатқан әлеуметтік жобалардың жұмыс барысы бақылауға алынды

Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков жұмыс сапарымен Құмкент ауылдық округінде болды. Сапар барысында ауылда жүзеге асырылып жатқан бірқатар әлеуметтік жобалардың жай-күйімен танысты.

Созақ ауданында шегіртеге қарсы күрес жұмыстары аяқталуға жақын

Созақ ауданы аумағында жыл сайынғы дәстүрге сай жүргізілетін шегіртке зиянкестеріне қарсы күрес жұмыстары аяқталуға жақын. Бүгінгі күнге дейін Жартытөбе ауылдық округіне қарасты «Таскөмірсай» маңындағы егістік алқап пен Құмкент ауылдық округіне қарасты Сарысу ауданымен шекаралас аумақта залалсыздандыру шаралары жүргізілді.

Ынтымақ бар жерде - ырыс бар

Қазақ халқының ұлы даналығы – «Ынтымақ бар жерде – ырыс бар» деген нақылдың астарында терең мән жатыр. Бұл сөз – тек қана әдемі тіркес емес, қоғам дамуының заңдылығын айқындайтын өмірлік қағида.