Отырар ауданының 90 жылдығына арналған ғылыми-танымдық конференция өткізілді

Отырар ауданының 90 жылдық мерейтойы аясында «Ұлы даланың жүрегі - Отырар: тарих, мәдениет, және дәуір» атты ғылыми - танымдық конференция өтті. Аудандық мәдениет сарайындағы тағлымды іс-шараға келушілер алдымен отырарлық белгілі қылқалам шебері Әділхан Мәліктің шығармашылығына негізделген «Көне де жаңа Отырар – қазақ тарихының тұмары» сурет көрмесін тамашалады. Конференцияға отырарлық ақын, халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты Серік Сейітман модераторлық етті.

Шымкентте азаматтық қорғау органдарының 30 жылдығына арналған жиын өтті

Елімізде жыл сайын 19 қазанда кәсіби мереке – Құтқарушылар күні атап өтіледі. Биыл Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің құрылғанына 30 жыл толып отыр. Атаулы күннің еліміздің азаматтық қорғаныс жүйесінің құрылуы мен дамуы тарихындағы маңызы зор.

Созақ ауданында «Салт-дәстүр және төлтума мәдениет – ұлттың генетикалық коды» тақырыбында жиын өтті

18 қазан – Рухани келісім күніне орай «Салт-дәстүр және төлтума мәдениет – ұлттың генетикалық коды» тақырыбында мазмұнды жиын өтті. Шараны аудан әкімінің орынбасары Алтын Күнтуқызы жүргізіп, жиынның мақсаты мен маңыздылығына тоқталды.

Отырар ауданының 90 жылдық мерейтойына орай «Берекелі – алтын күз» іс-шарасы ұйымдастырылды

Бүгін Отырар ауданының 90 жылдық меретойы кең көлемде аталып өтуде. Іс-шара аясында аудан орталығында «Берекелі – алтын күз» ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Мерекелік жиынға келген көпшілік орталық алаңдағы ауыл шаруашылығы өнімдері мен техникаларының, «Отырар шұғыласы» атты қолөнер бұйымдары мен ұлттық құнды жәдігерлердің, көркемсурет және танымдық кітаптар көрмесімен танысты.

Созақтық ардагерлер жаңа спорт алаңшасында кіші футболдан сына түсті

Бүгін Созақ ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Белсенді ұзақ өмір және Тең қоғам» әлеуметтік орталығы ғимаратының жанынан қосымша салынған жабық үлгідегі кіші футбол алаңшасының ашылу салтанаты өтті.

Сауран ауданында мақта жинау науқаны басталды

Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров мақта терімі жүріп жатқан алқаптарды аралап, шаруалардың жұмысымен танысты. Ағымдағы жылы аудан көлемінде 11 975,6 гектар жерге мақта дақылы орналастырылған.

Созақ ауданында «Құқықтық дәріхана» акциясы өтті

Созақ ауданында «Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025–2030 жылдарға арналған тұжырымдама» аясында жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері халықпен кездесті.

Шымкентте Иран тауар өндірушілерінің III сауда-өнеркәсіптік көрмесі өтті

Қаладағы халықаралық Көрме орталығында Иран Ислам Республикасының III сауда-өнеркәсіптік көрмесі өтті. Оған Иран елінің 20-дан астам кәсіпорын өкілдері келген. Негізінен, құрылыс саласы, ауылшаруашылығы, инженерлік-техникалық, сауда және инвестициялық бағыттағы жетекші ирандық компаниялар өз өнімдерін ұсынды. Іс-шара 12-15 қазан күндері аралығына жоспарланған болатын.