Түркістан облысы: Отырар – ауыл шаруашылығы жалпы өнім көлемі ұлғайтудан озат аудан атанды

Түркістан қаласында таяуда Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күні құрметіне «AGROFEST TÚRKISTAN – 2025» мерекелік іс-шарасы өткені белгілі. Іс-шарада ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылып, өңір диқандарының 300 тоннадан астам өнімі ұсынылды. Өз кезегінде Отырар ауданы – ауыл шаруашылығы жалпы өнім көлемін ұлғайтудан облыстағы ең озат аудан номинациясын жеңіп алды.

Түркістан облысының туристік әлеуетін дамыту мәселесіне арналған жиын өтті

Түркістан облысында тарихи-мәдени бағыттарындағы туристік жобалар әлеуеті жанданады. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте талқыланды. Облыс әкімінің орынбасары туристік әлеуетті арттыру бағытындағы жұмысты күшейтуді тапсырды.

Түркістан облысы: қылмыстық-атқару жүйесін жетілдіру мәселелері талқыға түсті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қылмыстық-атқару жүйесін жетілдіру мен ізгілендіру бойынша нақты шаралар қабылдау қажеттігі жөнінде тапсырма берген болатын. Осыған орай қылмыстық-атқару жүйесіндегі өзекті мәселелер жөненді мәжіліс өтті. Мәжіліске Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов төрағалық етті.

Түркістан облысы: Арыс қаласында «Келешек мектептері» жобасымен жаңа мектеп ашылды

Түркістан облысы Арыс қаласының «Тараз» ықшамауданында жаңа «Келешек мектептері» жобасымен №2 мектеп өз жұмысын бастады. Заманауи білім ошағының ашылуы қаладағы үш мектептегі орын тапшылығы жойылды. Мектеп директоры Талғат Сағатұлының айтуынша, жаңа нысан Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асқан «Келешек мектептері» бағдарламасы аясында бой көтеріп, биыл жаңа оқу жылының басында пайдалануға берілген.

Отырар ауданында Тәуелсіздік күні қарсаңында жаңа спорт кешені пайдалануға берілді

Бүгін 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында Отырар ауданы, Ш.Қалдаяқов ауылында әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған заманауи жабық спорт кешені пайдалануға берілді. Кешеннің ашылу салтанатына аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы, аудандық мәслихаттың және «AMANAT» партиясы аудандық филиалының төрағасы Уәлихан Ұзақов, меценат Әбдімәжит Сыздықбеков, еңбек ардагерлері, қоғам белсенділері мен ауыл тұрғындары қатысты.

Түркістан облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері буын ауруларына тіліксіз ота жасау тәсілін меңгеруде

Түркістан облыстық балалар ауруханасының мамандары тізе буын жарақаттарын артроскопия әдісімен емдеуді меңгеруде. Бұл – үлкен тілік жасамай, арнайы камера және құралдар арқылы орындалатын минималды инвазивті, дәлдігі жоғары заманауи хирургиялық тәсіл. Осы мақсатта ауруханаға артроскопия аппараты орнатылып, тізе буынына тіліксіз ота жасауға толық жағдай жасалды.

Отырар ауданының әкімі Тәуелсіздік мерекесі аясында желтоқсаншылармен кездесті

Бүгін Отырар ауданының әкімі Қайрат Жолдыбайұлы мен аудандық мәслихат төрағасы Уәлихан Ұзақов 16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесі аясында желтоқсан оқиғасына қатысушылармен кездесті. Кездесуде аудан басшысы желтоқсан оқиғасының ызғары мен бейбіт күннің бағасы жайлы айтып, еркіндіктің қадіріне жете білудің маңыздылығын атап өтті.

Түркістанда ескек есуден Қазақстанның – 11, Азияның 3 біріншілігі және триатлоннан Азия кубогі өтеді

Астанадағы Ж.Үшкемпіров атындағы спорт сарайында ескек есу спорт түрлері бойынша Қазақстанның «Қайық» федерациясы басшылығының, облыстардың жаттықтырушылар құрамының қатысуымен республикалық жаттықтырушылар кеңесі өтті. Жиында 2026 жылға арналған жарыстардың күнтізбелік жоспары талқыланып, ресми түрде бекітілді.

Отырар ауданында «Қызмет алушылар күні» ұйымдастырылды

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің «Сервистік және клиентке бағдарланған мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға бағытталған қадамдық жоспары» бойынша жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу, еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу және т.б. мәселелері туралы «Қызмет алушылар күні» іс-шарасы өткізілді.

Түркістан облысы: Сарыағаш ауданындағы 5 елді мекенге таза ауыз су берілді

Тәуелсіздік күні қарсаңында Сарыағаш ауданы, Жібек жолы ауылдық округіндегі Жібек жолы, Қарабау, Зортөбе және Сарқырама, Жаңақұрылыс елді мекендерінде ауыз су жүйесі іске қосылды. Салтанатты шараға аудан әкімі Арман Абдуллаев, Түркістан облыстық мәслихат депутаттары, аудан прокуроры Мақсат Мошхалов, аудандық мәслихат төрағасы Рысбек Асылбекұлы және ауыл тұрғындары қатысты.