Түркістан облысы: Арыс қаласын газдандыру жұмысы қарқынды
2025 жылға қарай Арыс қаласы тұрғындарының 95%-ы газбен қамтамасыз етілетін болады. Елді мекендерге «көгілдір отынды» жеткізуді «Бейнеу-Бозой-Ақбұлақ» газ құбырының тармағы қамтамасыз етеді.
2025 жылға қарай Арыс қаласы тұрғындарының 95%-ы газбен қамтамасыз етілетін болады. Елді мекендерге «көгілдір отынды» жеткізуді «Бейнеу-Бозой-Ақбұлақ» газ құбырының тармағы қамтамасыз етеді.
Оның бірі аудан орталығы Шолаққорғанда ел игілігіне берілді. 75 балаға лайықталған бөбекжайда қазір 50 бала тәрбиеленіп жатыр. Балабақшада сәбилердің алаңсыз ойнап, би билеп, жан-жақты қалыптасуы үшін барлық жағдай жасалған.
Қазығұрт ауданында баспана кезегінде тұрған 64 отбасы қоныс тойын тойлады. «Болашақ» шағынауданынан бой көтерген 16 пәтерлі 4 тұрғын үйдің кілтін алғандардың басым бөлігі – аз қамтылған отбасылар, мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен жетім балалар.
Поляк инвесторлары Түркістан облысында кәсіпкерліктің дамуына қомақты қаржы бөлгелі отыр. Нақтырақ айтсақ, Польша іскерлері ауыл шаруашылығы саласына шамамен 15 млн. еуро салмақ ниетте.
«Қазсушар» мекемесі мен облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы бірлесе отырып, өңірдегі суқоймаларындағы су қорын тиімді пайдалану керек. Шардара қаласы маңынан тағы бір суқоймасын салып, артық суды құмға жіберу арқылы жайылым жерге айналдыру қажет. Сондай-ақТүркістан қаласының облыс орталығы болуына орай су қажеттілігі артады. Осыған байланысты Сырдария өзені бойынан жаңа суқоймасын салу бойынша құжаттарды әзірлеп, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне жолдауымыз тиіс». Бүгін Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев облыс әкімдігінде өткен жиында осылай деп мәлімдеді. Бұл туралы «AQ-QARA.KZ» ақпарат агенттігі хабарлайды «ontustik.gov.kz» сайтына сілтеме жасап.
Түркістан облысы әкімдігінде облыс басшысы Жансейіт Түймебаевтың төрағалығымен аппарат мәжілісі өтті. Күн тәртібінде өңірдің қыс маусымына дайындық жұмыстары пысықталды. Бұл туралы «AQ-QARA.KZ» ақпарат агенттігі хабарлайды «ontustik.gov.kz» сайтына сілтеме жасап.
Бүгін Түркістан қаласына 1 миллионыншы турист келді. АҚШ-тың Солтүстік Каролина штатынан келген ерлі-зайыпты Уильям және Барбара Брэнчтерді Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Ясауи кесенесі алдында күтіп алды. Бұл туралы «AQ-QARA.KZ» ақпарат агенттігі хабарлайды «ontustik.gov.kz»сайтына сілтеме жасап.
Астанада үздік дәрігерлер марапатталды. 16 дәрігердің арасында Түркістан қаласы емханасының бас дәрігерінің орынбасары Райымбек Тасырбаев та үздіктер қатарынан орын алды. Дәрігер сандық медицина саласын дамытуға қосқан үлесі үшін, инновациялар мен жаңа технологияларға жол ашып, сандық технологияларды қолдана отырып, денсаулық сақтауды өзгертуге кәсібилігі мен дайындығы үшін диплом мен бағалы сыйлыққа ие болды.
Ақпараттық технологиялар Қазақстандағы медицина мен денсаулық сақтаудың ажырамас бөлігіне айналған. Диагноздар, талдау нәтижелері, тағайындау және т.б. дәрігерлер мен медициналық мекемелер күн сайын науқастарға қатысты үлкен көлемде деректер жинайды.
Бүгін өткен жеке қабылдау барысында төлебиліктер жер қатынастарын реттеу, тұрғын үй кезегі, газ, отбасылық жағдайлары мен әлеуметтік мәселелері туралы, сондай-ақ заңсыз кәсіпкерлікпен айналысып, тұрғындардың мазасын алып жатқан кәсіпкер жөнінде шара қолданылса екен деген өтініштерін айтты. Бұл туралы «AQ-QARA.KZ» ақпарат агенттігі хабарлайды Төлеби ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.