Түркістан: Қазығұрт ауданында екі медициналық нысан пайдалануға берілді

Қазығұрт ауданына қарасты Алтынтөбе және Ақбастау ауылдарында алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған фельдшерлік-акушерлік пункт пайдалануға берілді. Ашылу салтанатына аудан әкімі Азизхан Исмаилов және «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Алтынсары Үмбеталиев қатысып, ауыл тұрғындарын маңызды әлеуметтік нысанның ашылуымен құттықтады.

Түркістан облысы: Мақтаарал ауданында 200 орындық мәдениет үйі мен кітапхана пайдалануға берілді

Түркістан облысы Мақтаарал ауданына қарасты Ынталы елді мекенінде жаңадан салынған 200 орындық мәдениет үйі мен кітапхананың салтанатты ашылу рәсімі өтті. Тұрғындар үшін маңызды ғимараттың ашылуына Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров арнайы қатысып, ауыл тұрғындарын қуанышты сәтімен құттықтады.

Түркістан облысы: Мақтаарал ауданында «Келешек мектептері» жобасы аясында 1500 орындық заманауи мектеп пайдалануға берілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев еліміздің білім саласын жаңа деңгейге көтеру мақсатында «Келешек мектептері» жобасын қолға алуды тапсырған болатын. Түркістан облысында осы жоба арқылы 29 мектептің құрылысы жүргізілді. Бүгін солардың бірі Мақтаарал ауданына қарасты Атакент кентінде ашылып, 1500 орындық мектеп қолданысқа берілді. Білім ошағының ашылуына Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров арнайы қатысып, жұртшылықты ғимараттың ашылуымен құттықтады.

Түркістан облысының әкімі мақта кластерін дамыту бағытында іске асырылып жатқан өндірістік нысандарды аралады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Мақтааралға жасаған жұмыс сапары барысында мақта кластерін дамыту бағытында іске асырылып жатқан бірқатар өндірістік нысандарды аралады. Аймақ басшысы «Cotton Makta» ЖШС мақта шикізатын өңдеу зауытының және «Хамро ата» ЖШС мақта майын өңдеу зауытының жұмыс барысымен танысты.

Түркістан облысы: Түлкібас ауданында «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасы аясында дәрігерлік амбулатория ашылды

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасы аясында Түлкібас ауданына қарасты Азаттық елді мекеніне заманауи дәрігерлік амбулатория салынып, ел игілігіне пайдалануға берілді. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев, Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуалиев, аудан әкімі Асқар Естібаев пен мәслихат төрағасы Серғали Сәрсенбаев ауыл тұрғындарының қуанышымен бөлісіп, құттықтады.

Түркістан облысы: Келес ауданындағы Кеңдала, Көгерту елді мекендері қайтарылған активтер есебінен сапалы ауыз сумен қамтылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елді мекендерді 100 пайыз сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасы аясында Түркістан облысында маңызды инфрақұрылымдық жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Бүгін Келес ауданындағы Кеңдала мен Көгерту елді мекендерінде су нысандары ел игілігіне берілді.

Сарыағаш ауданына қарасты Нұрлы жол елді мекенінде жаңа дәрігерлік амбулатория ел игілігіне берілді

Түркістан облысы Сарыағаш ауданына қарасты Нұрлы жол елді мекенінде жаңа дәрігерлік амбулатория бой көтеріп, ел игілігіне берілді. Медициналық мекеменің ашылу салтанатына Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, көпшілікті қуанышты сәтпен құттықтады. Облыс басшысы халықтың денсаулығын жақсарту – басым бағыттардың бірі екенін атап өтіп, өңірде денсаулық сақтау инфрақұрылымын жетілдіру мақсатында жаңа медициналық мекемелер бой көтеріп жатқанын айтты. Сондай-ақ шалғай ауылдарға дейін сапалы қызметтің қолжетімділігін артыру мәселесі назарда болатынын жеткізді.

Түркістан қаласындағы Р.Сейтметов атындағы сазды-драма театры биыл 150-ге жуық спектакль сахналаған

Р.Сейтметов атындағы Түркістан қаласының сазды-драма театры биыл 150-ге жуық қойылымды сахналады. Сондай-ақ, театр репертуары осы жылы 6 жаңа қойылыммен толықты. Оның үшеуі ересектерге арналса, қалғаны балаларға арналған. Бұл туралы брифингте театр директоры Арман Алиев мәлімдеді.

Түркістан қаласында саясат пен кәсіпкерлік саласындағы әйелдерге арналған «TOMIRIS» ақпараттық-білім беру семинар-тренингі ұйымдастырылды

Түркістанда әйелдердің көшбасшылық әлеуетін дамыту арқылы олардың саяси, әлеуметтік-экономикалық өмірге белсенді қатысуын арттыру мақсатында «Отбасы істері және гендерлік саясатты жүзеге асыру» жобасының аясында «TOMIRIS» ақпараттық-білім беру семинар-тренингі өтті.

Түркістан қаласында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының 20 жылдық мерейтойы өтті

Түркістан қаласында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының 20 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиын өтті. Іс-шараға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, корпорация қызметкерлері мен сала ардагерлерін мерейтоймен құттықтады.