Super User

Super User

Түркістан қаласында Меруерт Өтекешованың 75 жылдық мерейтойы салтанатты түрде аталып өтті

Түркістан қаласында қазақ кино және театр өнерінің көрнекті өкілі, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген әртісі, «Қыз Жібек» көркем фильміндегі басты рөлді сомдаған аңыз актриса Меруерт Өтекешованың 75 жылдық мерейтойына арналған салтанатты шара өтті.

Ордабасылық шаруа мемлекеттік қолдаудың арқасында жылқы шаруашылығын қолға алып отыр

Ордабасы ауданына қарасты Қараспан ауыл округінде тұратын шаруа Нұржан Сәуленбеков жылқы бордақылаумен айналысады. Ол 2021 жылы «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 25 млн теңге көлемінде жеңілдетілген несие алған.

Созақ ауданының жалпы өңірлік өнім көлемі 1 трлн теңгеден асқан

Созақ ауданында өткен жылы жалпы өңірлік өнім көлемі 1 трлн 42 млрд 134 млн теңгеге жетіп, 2024 жылмен салыстырғанда 129,9%-ға артқан. Сондай-ақ, былтыр аудан экономикасына 311 млрд 427 млн теңге инвестиция тартылып, 2024 жылмен салыстырғанда 71 млрд 27 млн теңгеге өскен. Бұл жайында Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков БАҚ өкілдерімен өткен брифингте мәлімдеді.

Сауран ауданы әкімінің төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтті

Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаровтың төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтті. Жиында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, салалық көрсеткіштер мен өзекті мәселелер қаралды.

Осы RSS каналға жазылу