Түркістан облысы: қылмыстық-атқару жүйесін жетілдіру мәселелері талқыға түсті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қылмыстық-атқару жүйесін жетілдіру мен ізгілендіру бойынша нақты шаралар қабылдау қажеттігі жөнінде тапсырма берген болатын. Осыған орай қылмыстық-атқару жүйесіндегі өзекті мәселелер жөненді мәжіліс өтті. Мәжіліске Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов төрағалық етті.