Шымкентте садақ атудан ел кубогының ақтық кезеңі басталды
Шымкент қаласында садақ атудан Қазақстан Республикасының кубогі аясындағы финалдық кезеңі басталды. Сайыс Шымкенттегі арнайы садақ ату спорт кешенінде ұйымдастырылып, елдің әр түкпірінен келген үздік спортшылар бақ сынауда. Жарысқа еліміздің 8 өңірінен іріктелген 64 спортшы қатысып отыр. Мергендер 50 және 70 метр қашықтықтан оқ атып, бақ сынап жатыр.