Кентауда аулаларды абаттандыру жұмыстары басталды

Кентау қаласында аулаларды абаттандыру жұмыстары бастау алды. Жалпы қала аумағында көпқабатты тұрғын үйлерге қарасты 67 аула бар. Биыл соның 33 ауласында абаттандыру жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Аталған жоба 2027 жылға дейін жалғасатын өтпелі болып табылады.

Ордабасы ауданында бір мезетте 50 бүлдіршіннің тұсауы кесілді

Наурыз – жаңару мен жақсылықтың, береке мен бірліктің бастауы. Ұлыстың ұлы күні қарсаңында ұлттық дәстүрлерді жаңғыртып, ұрпақ сабақтастығын дәріптеу – халқымыздың асыл мұраты. Ордабасы ауданында Наурызнама онкүндігі аясында мұндай мағыналы шаралар кеңінен аталып өтуде.

Сауран ауданында көктемгі дала жұмыстарына дайындық мәселелері қаралды

Аудан әкімінің орынбасары Серік Садибаевтың төрағалығымен ауыл шаруашылығы саласының мамандарымен жиын өтті. Мәжіліске ауылдық округтердің ауыл шаруашылығы мамандары мен аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің өкілдері қатысты.

Шымкент: «Шаңырақ» күніне орай жаңа туған аналарға құрмет көрсетілді

Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен «Шаңырақ» күні аясында қаладағы жаңа босанған аналарға құрмет көрсетілді.  Мерекелік іс-шара қаладағы төрт перзентханада бір уақытта өткізілді. Бұл шара аналар мен сәбилерге деген құрмет пен мейірімнің айрықша көрінісі болып отыр.

Түркістанда 500-ден астам жас домбырашы бір мезетте күй тартты

Жалпыұлттық Наурызнама онкүндігі аясында Түркістан облысында «Күй күмбірі» атты ауқымды мерекелік іс-шара өтті. Игі бастама Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен және Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен жүзеге асырылды.

Түркістанда көкпардан әлем чемпионаты басталды

17 наурызда Түркістан қаласындағы жаңадан салынған атшабарда көкпардан әлем чемпионаты жалауын көтерді. Дүбірлі додаға әлемнің 9 елінен командалар қатысуда. Атап айтқанда, Ауғанстан, Қытай, Мажарстан, Моңғолия, Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Өзбекстан, Түркия және Қазақстан құрамалары жүлде жолында бақ сынайды.

Отырарда «Ұлттық құндылық – ел қазынасы» атты рухани кеш өтті

16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне орай Отырар аудандық мәдениет үйінде «Ұлттық құндылық – ел қазынасы» атты тағылымды кездесу кеші ұйымдастырылды. Шара аясында белгілі суретші, ақын, Отырар ауданының Құрметті азаматы Мәлік Әділхан Табылханұлымен кездесу өтті.

Түркістан облысының ұстаздары республикалық білім олимпиадасында жүлдегер атанды

Алматыда Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ұйымдастыруымен өткен «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасында Түркістан облысының педагогтары жоғары кәсіби шеберлік танытып, жүлделі орындарды иеленді.

Ордабасы ауданында көгалдандыру қоры кеңейіп келеді

Табиғатты қорғау мен елді мекендерді көгалдандыру – өңірдің экологиялық ахуалын жақсартып, тұрғындарға жайлы орта қалыптастырудың маңызды бағыттарының бірі. Осы бағытта Бадам орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тұқымбақтарында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Шымкент спортшылары халықаралық аренада ел мерейін асқақтатты

Шымкент қаласының спортшылары халықаралық жарыстарда табысты өнер көрсетіп, ел қоржынына бірқатар жүлде салды. Грек-рим күресі мен бокс бойынша өткен беделді турнирлерде шымкенттік спортшылар жоғары нәтижеге қол жеткізіп, Қазақстанның спорттағы беделін арттыра түсті.