Түркістан қаласында биоыдырайтын ыдыстар мен қаптама өндіретін заманауи зауыттың іргетасы қаланды

Түркістан қаласындағы «Turan» арнайы экономикалық аймағында бір рет қолданатын биоыдырайтын ыдыстар мен қаптама өндіретін заманауи зауыттың іргетасы қаланды. Жобаны «PULPSTYLE» ЖШС іске асырмақ. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жаңа кәсіпорынның капсуласын салу рәсіміне қатысып, жобаның сәтті жүзеге асуына тілек білдірді.

Түркістан қаласының әкімі тұрғын үй құрылыстарындағы жұмыстардың жай-күйімен танысты

Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы шаһарда жүріп жатқан тұрғын үй құрылыстарының барысын бақылап, нысандардағы жұмыс қарқынын бағамдады. Бүгінде Түркістан қаласында әлеуметтік 512 пәтерлі - 6 тұрғын үй және 1232 пәтерлі 24 кредиттік үй салынып жатыр.

Түркістан қаласы: медициналық қызметтің тиімділігі мен қолжетімділігі талқыланды

Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлының төрағалығымен өткен кезекті аппараттық жиында қаланың денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдары және орындаушылық тәртіптің сақталуы жөніндегі жұмыстар талқыланды.

Түркістан қаласындағы «Парасат» саябағында ағаш егу шарасы ұйымдастырылды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде экологиялық мәдениетті арттыруға және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы жүйелі түрде іске асырылып келеді. Осы бастама аясында Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай «Парасат» саябағында ағаш егу шарасы өтті.

Түркістан қаласында 2026 жылы ескек есуден Қазақстанның – 11, Азияның 3 біріншілігі және триатлоннан Азия кубогі өткізілмек

Астанадағы Ж.Үшкемпіров атындағы спорт сарайында ескек есу спорт түрлері бойынша Қазақстанның «Қайық» федерациясы басшылығының, облыстардың жаттықтырушылар құрамының қатысуымен республикалық жаттықтырушылар кеңесі өтті. Жиында 2026 жылға арналған жарыстардың күнтізбелік жоспары талқыланып, ресми түрде бекітілді.

Түркістанда тұңғыш рет инклюзивті бағыттағы «Дара ұрпақ» театры ашылды

Театрдың ашылу салтанатында ерекше жандардың қатысуымен «Жарық» мюзиклінің премьерасы сахналанды. «Конгресс холл» көпсалалы кешенінде өткен іс-шараға облыс әкімі Нұралхан Көшеров арнайы қатысып, театрдың ашылуымен құттықтады.

Түркістан облысы: Ордабасы ауданында дәрігерлік амбулатория ел игілігіне пайдалануға берілді

Түркістан облысында медицина саласын дамыту, ғылым мен технологияның заманауи жетістіктерін қолдана отырып, халыққа сапалы әрі қолжетімді қызмет көрсету мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Соның аясында бүгін Ордабасы ауданы, Қараспан ауылында жаңа дәрігерлік амбулатория ел игілігіне пайдалануға берілді. Жаңа нысанның ашылу салтанатына Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров арнайы қатысып, ауыл тұрғындарын құттықтады. Елімізде әлеуметтік инфрақұрылымды жақсартуға ерекше көңіл бөлініп жатқанын атап өтіп, жұмыстар жалғасатынын жеткізді.

Түркістан қаласында ойын және спорт алаңшаларының инфрақұрылымы кеңейіп, жаңғырту жұмыстары жалғасуда

Түркістан қаласында қазіргі таңда 250-ге жуық ойын және спорт алаңшасы тұрғындарға қызмет көрсетуде. Қала аумағында балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіз жағдайда ойнауына, тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізуіне қолайлы орта қалыптастыру бағытында жүйелі жұмыстар атқарылып келеді.

Түркістан облысы: Сауран ауданында ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және құрылыс салалары қарқынды дамып келеді

Сауран ауданы соңғы жылдары даму қарқынын үдетіп келеді. Ауданның жалпы өңірлік өнімі 36,9 млрд теңгеге жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 43,6%-ға өскен. Негізгі экономикалық салалар – ауыл шаруашылығы (40%), өнеркәсіп (35%), құрылыс (19%) және сауда (6%). Жыл соңына дейін 135 млрд теңгенің өнімі өндірілмек. Аудан экономикасына тартылған инвестиция көлемі – 29,5 млрд теңге. Шаға өндірістік аймағында 10 кәсіпорын іске қосылып, 500-ге жуық адам жұмыспен қамтылды. Жыл соңына дейін 254 жоба жүзеге асырылып, 4 162 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.