ТҮРКІСТАНДА «АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ» МЕН «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАЛАРЫН БІР БАҒДАРЛАМАҒА БІРІКТІРУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында ауылдардың еңсесін көтеруге бағытталған жобаларды жүйелеп, бір бағдарламаға біріктіру бастамасын көтерген болатын. Кеше Түркістан облысында осы мәселеге қатысты мәжіліс өтті. ҚР Премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен өткен мәжіліске жауапты министрлік өкілдері, Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров, аудан, қала әкімдері мен басқарма басшылары қатысты.

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ІРІ СУ НЫСАНДАРЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ, СУ ТАСҚЫНЫНА ҚАРСЫ ДАЙЫНДЫҒЫ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ҚР Премьер министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев Түркістан облысына жұмыс сапары барысында өңірдегі ірі су қоймаларының қазіргі жай-күйін бақылады. Алдымен тікұшақпен «Бөген», «Бәйдібек ата», «Шардара» су қоймаларына әуеден визуалды бақылау жасалды. Судың мөлшері, жайылуы, толымдылығы зерделенді.

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА ТҰРҒЫН ҮЙ САПАСЫ ЖІТІ БАҚЫЛАУДА

Күні кеше Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлының төрағалығымен кезекті аппараттық мәжіліс өтті. Жиында қаладағы тұрғын үй мәселелері, құрылыс сапасы және орындаушылық тәртіпке қатысты өзекті мәселелер қаралды.

ҚАЗАҚСТАНДА СҰЙЫТЫЛҒАН МҰНАЙ ГАЗЫНЫҢ БАҒАСЫ 1 АҚПАННАН БАСТАП ӨЗГЕРТІЛЕДІ

Қазақстанда сұйытылған мұнай газ (СМГ) бағасының өзгеруі 2025 жылдың 1 ақпанынан бастап жоспарлануда. Бұл шешімнің қажеттілігі сұйытылған газ өндірісінің рентабельділігі мен тұтыну көлемінің өсуімен байланысты.

ШЫМКЕНТ: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА 2025 ЖЫЛЫ 5 ГҮЛЗАР САЛУ ЖОСПАРЛАНУДА

Аудан бойынша 283 көпқабатты үйлер 132 аулаға біріктірілген. 2021 жылдан бастап абаттандыру жұмыстары «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында іске асырылуда. Бұл дегеніміз тұрғындар өз ұсыныстарын жасау арқылы, жергілікті бюджеттің қалыптасуына қатысады.

ШЫМКЕНТ: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫНА ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ ЖАСАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Бүгінгі күнге Шымкент қаласындағы Еңбекші ауданының аумағы 22 800 гектар құрап, халық саны 228 830 болды. Ауданда 18 тұрғын алаптар және 11 шағынаудандар бар. Еңбекші ауданында 728 көшелер мен өткелдер, 3 саябақ, 8 гүлзар, 283 көпқабатты және 37061 жеке тұрғын үйлер орналасқан.

Түркістан облысы Келес ауданында қуаты артқан «Абай» газ тарату станциясы іске қосылды

Түркістан облысына қарасты елді мекендердің инфрақұрылым сапасын арттыру бағытындағы жұмыстар жүйелі жалғасып жатыр. Таяуда тағы бір әлеуметтік маңызы бар нысанның құрылысы аяқталып, ел игілігіне пайдалануға тапсырылды. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды Келес ауданы, Біртілек ауылдық округіне қарасты Біртілек елді мекенінде «Абай» газ тарату станциясын іске қосу рәсіміне қатысып, тұрғындардың қуанышын бөлісті.