Шымкентте 500-ге жуық жоғары технологиялы медициналық көмек көрсетілді

Шымкентте жыл басынан бері міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында 1,8 миллиард теңгеден астам қаражатқа 500-ге жуық жоғары технологиялы медициналық қызмет көрсетілді. Кардиохирургия мен нейрохирургия салаларындағы мұндай операциялардың құны бірнеше миллионнан бастап 70 миллион теңгеге дейінгі қаражатты құрайды. БАҚ өкілдеріне арналған брифингте ӘМСҚ Шымкент қаласы филиалы директорының орынбасары Арапкүл Ізбасарова жалпы биылғы жылы қалада қымбат бағалы әрі күрделі 1500 -ға жуық операцияны қаржыландыру жоспарланғанын атап өтті. 

Түркістанда конго-қырым геморагиялық қызбасы ауруына қарсы жұмыстар жүргізілуде

Өткен жылы облыстық зоопаразитологиялық топ құрамдарымен барлығы 781 елді мекенде барлау жұмыстары жүргізілген. Сынама нәтижелері көрсеткендей жиналған 62 918 дана кененің 136-нан Конго-қырым геморагиялық қызбасы ауруының қоздырғышы анықталған. Бұл туралы Түркістан облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Ақерке Еркінбекова мәлімдеді.

Отырар ауданында медицина қызметкерлері күні кең көлемде аталып өтті

Әр жыл сайын маусымның үшінші жексенбісінде елімізде медицина қызметкерлерінің күні аталып өтіледі. Бұл — адам жанының арашасы болып жүрген дәрігерлер мен медбикелерге, жалпы ақ халатты абзал жандарға деген елдің ерекше ілтипатын білдіретін айрықша күн.

Түркістан: Түлкібаста фельдшерлік-акушерлік пункт салынып жатыр

Бүгін аудан әкімі Асқар Естібаев, аудандық мәслихаттың төрағасы Серғали Сәрсенбаев Азатылық ауылдық округінде және Машат ауылдық округіне қарасты Қызылбастау ауылында салынып жатқан фельдшерлік-акушерлік пункт (ФАП) нысандарының құрылыс барысымен танысып қайтты.

Түркістан: Түлкібас ауданындағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай талқыланды

Ағымдағы жылдың 5 айында аудан аумағында тұрғындарды 27 кене шағу фактілері тіркеліп, медициналық бақылауға алынған. Оның 24-і табиғат аясында, егістікте орын алса, 3-і белгісіз жағдайда орын алған.

Түркістан облысында ана мен бала денсаулығын жақсарту шаралары күшейтілген

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ержан Нұрлыбаевтың қатысуымен Түркістан қаласындағы №3 облыстық перинаталдық орталығында «Ана мен бала денсаулығын сақтау – перинаталдық көмекті жетілдірудің өзегі» атты республикалық дөңгелек үстел өтті.