Шымкентте 1290 медицина қызметкеріне үстемақы төленді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавируспен күресіп жатқан медицина қызметкерлеріне көмек көрсету туралы тапсырма берген болатын. Осыған орай бүгінде Шымкент қаласында 1290 медицицина қызметкеріне үстемақы төленді. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр қалалық денсаулық сақтау басқармасында өткен брифингте мәлімдеді.
Түркістан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 34 адам бар. Қазіргі таңда науқастар дәрігер бақылауына алынды. Олармен қарым-қатынаста болған азаматтардың барлығы оқшауланды.