Шымкент: 25 медицина қызметкеріне санаторийлерге 50 пайыздық жеңілдікпен жолдамалар табысталды

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының бастамасымен «Шымкент қаласы Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі ғимаратының мәжіліс залында пандемия кезінде алдыңғы шепте болған, коронавирус індетін жұқтырғандарды емдеп, өз денсаулықтарын қатерге тіккен 25 медицина қызметкеріне емдік-сауықтыру мақсатында Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының құрамындағы санаторийлерге 50 пайыздық жеңілдікпен жолдамалар табысталды.






