Super User

Super User

Отырар ауданы: алтын құрсақты аналарға «Алтын алқа» табыс етілді

Отырар аудан әкімдігінің мәжіліс залында ерекше құрметке толы жиын өтті. Аудан әкімінің міндетін атқарушы Сейітқұл Қыдырбай Құнанбайұлы көпбалалы аналарды қабылдап, оларға Мемлекет басшысының атынан мемлекеттік наградаларды табыстады. Аталған іс-шараның басты мақсаты – өмірін бала тәрбиесіне, ұлт болашағын қалыптастыруға арнаған аналар еңбегін бағалау, оларға құрмет көрсету.

Отырар ауданында сатирик Көпен Әмірбектің туғанына 75 жыл толуына орай облыстық халықтық театрлар байқауы ұйымдастырылды

Отырар ауданында ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Президенті сыйлығының лауреаты, «Парасат» орденінің иегері, сатирик Көпен Әмірбектің туғанына 75 жыл толуына орай «Театр – өмір айнасы» облыстық халықтық театрлар байқауы басталды. Байқаудың ашылу салтанатына аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы мен аудандық мәслихат төрағасы Уәлихан Ұзақов және сатириктің бауыры Мырзабек Әмірбекұлы қатысып, құттықтау лебіздерін жеткізді.

Отырар ауданының құрметті азаматы Құтым Ордабаевтың туғанына 100 жыл толуына орай танымдық конференция ұйымдастырылды

Отырар аудандық мәдениет сарайында «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, Отырар ауданының құрметті азаматы Құтым Ордабаевтың туғанына 100 жыл толуына арналған «Есімі аңызға айналған ұстаз» атты танымдық конференция өтті.

Отырар ауданында «Қызмет алушылар күні» іс-шарасы өтті

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің «Сервистік және клиентке бағдарланған мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға бағытталған қадамдық жоспары» бойынша кәсіпкерлерге – кәсіпкерлігін бастау және жүргізу барысында қажетті рұқсат құжаттарын, лицензияны, бизнесті дамытуға және қолдауға арналған гранттарды, оның ішінде заңнамадағы жаңалықтарды, салық режимін, бизнесті қолдауға арналған қолданыстағы бағдарламаларды және т.б. мәселелері туралы «Қызмет алушылар күні» іс-шарасы өткізілді.

Осы RSS каналға жазылу