Бірлік пен татулық - Қазақстан дамуының стратегиялық тірегі

Әлемнің кез келген елінің тарихына үңілсек, бірлік пен татулықтың маңызын айқын көреміз. Ішкі тұрақтылықты сақтаған мемлекеттер дамудың жаңа белестерін бағындырса, алауыздыққа жол берген елдер әлсіреп, саяси-экономикалық дағдарысқа тап болған.

Шымкенттік Ақмарал Құдайбергенова – «Сұлу әйел» байқауының Бас жүлдегері!

Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы – тек мәдени оқиға емес, бұл – ұлт руханиятын жаңғыртуға бағытталған үлкен бағдарлама. Абай әлемін насихаттау арқылы қазақ әдебиеті мен мәдениетінің тереңдігі мен көркемдігін халықаралық деңгейде көрсету мақсатын көздейді.

Бокстан Азия чемпионатында шымкенттік Санжарәлі Бегалиев чемпион атанды

Бокстан Таиландтың Бангкок қаласындағы  U22 санатындағы Азия чемпионатында Санжарәлі Бегалиев чемпион атанды. Қазақстандық боксшы 80 келіге дейінгі салмақтың ақтық сынында Рахматулло Бойматовпен (Өзбекстан) қолғап түйістірді. Нәтижесінде төрешілердің шешімімен жеңіске жетті. Ал Бойматов күміс жүлдені қанжығасына байлады. Айта кетейік, бірінші раундта төреші Санжарәлі Бегалиевтен бір ұпай шегерген болатын.

Шымкентте нысана көздеуден және стенд атудан XVI Азия чемпионаты өтеді

16-30 тамыз күндері Шымкент қаласында нысана көздеуден және стенд атудан 16-шы Азия чемпионаты өтеді. Сары құрлық додасына Бахрейн, Вьетнам, Гонконг, Үндістан, Қатар, Қытай, Кувейт, Малайзия, БАӘ, Оман, Сауд Арабиясы, Сингапур, Оңтүстік Корея, Жапония сынды 26 мемлекеттен 800-ден астам спортшы қатысады.

Шымкентте «Таза Қазақстан» акциясы аясында жалпықалалық сенбілік өтті

Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ауқымды жалпықалалық тазалық шарасы ұйымдастырылды. Шараның басты мақсаты — қала аумағын тазарту, көгалдандыру және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

Шымкентте "Абай әлемі" республикалық байқауының финалы өтті

Ұлы Абайдың 180 жылдық мерейтойына арналған халықаралық, республикалық және өңірлік деңгейде 100-ден астам ауқымды іс-шараны қамтитын кешенді жоспар бекітілді.  Осы орайда Ұлы ақын, философ, ойшыл және реформатор Абай Құнанбайұлының туған күні елімізде ауқымды іс шаралар өтті. Бұл мерейтой тек ресми іс-шара ғана емес, ұлттық мәдениетке, рухани тамырға және қазақ зияткерлік дәстүріне терең бойлайтын маңызды күнге айналды.

Шымкентте Абай күні рухани-мәдени мерекеге айналды

10 тамыз – хакім Абайдың туған күні. Бүгін, 10 тамыз қазақтың ұлы ақыны хакім Абайдың туғанына 180 жыл толды. Қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, философ, композитор, данышпан-ойшыл. Ол ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау ете білген ұлы тұлға.