Отырар ауданының 90 жылдығына арналған ғылыми-танымдық конференция өткізілді
Отырар ауданының 90 жылдық мерейтойы аясында «Ұлы даланың жүрегі - Отырар: тарих, мәдениет, және дәуір» атты ғылыми - танымдық конференция өтті. Аудандық мәдениет сарайындағы тағлымды іс-шараға келушілер алдымен отырарлық белгілі қылқалам шебері Әділхан Мәліктің шығармашылығына негізделген «Көне де жаңа Отырар – қазақ тарихының тұмары» сурет көрмесін тамашалады. Конференцияға отырарлық ақын, халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты Серік Сейітман модераторлық етті.