Шымкент: Аппараттық мәжілісте әлеуметтік-экономикалық мәселелер қаралды
Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен аппарат мәжілісі өтті. Жиын барысында қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының 2025 жылғы 10 айдағы қорытындысы, жоспарлы көрсеткіштердің жыл соңына дейін орындалу болжамы, тұрғындарды міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіне жұмылдыру шаралары, сонымен қатар, цифрлық жобалар мен digital-шешімдерді жүзеге асыру нәтижелері қаралды.