Созақ ауданының орталығында жаңа заманауи кітапхана ашылды
Таяуда Созақ ауданының орталығы – Шолаққорған ауылында мәдениет пен руханияттың маңызды ордасы саналатын жаңа кітапхана ғимараты пайдалануға беріліп, ел игілігіне табысталды. Заманауи үлгіде бой көтерген кітапхананың ашылу салтанатына аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков, аудандық мәслихат төрағасы Ордабек Жәмиев, облыстық мәслихат депутаты Бегімбет Байғараев, ауданның ардагерлері, ақ жаулықты әжелер мен ауыл тұрғындары қатысты.
- Бөлім:  Ғылым-білім
- 0