Super User

Super User

Мемлекет басшысы Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады

Мемлекет басшысына Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы мен алдағы кезеңге арналған жоспары баяндалды. Нұралхан Көшеровөңірдің экономикалық өсімі 113,9 пайызды құрағанын айтты.  Мемлекеттік бюджетке түсетін салық түсімдері 1 триллион теңгеге өсті.  2025 жылы аймаққа 1,7 триллион теңге инвестиция, соның ішінде 1,4 триллион теңге жеке инвестиция тартылды. Тікелей шетелдік инвестиция көлемі 1,4 миллиард долларға жетті деді ол. Былтыр жалпы құны 340 миллиард теңгені құрайтын 58 инвестициялық жоба іске қосылып, 8 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылғанын мәлімдеді.

Созақта «Еңбеккер ана – ауыл ажары» атты аудандық әйелдер форумы өтті

Созақ аудандық әйелдер кеңесінің ұйымдастыруымен «Еңбеккер Ана – ауыл ажары» атты аудандық әйелдер форумы жоғары деңгейде өтті. Көктем мерекелері қарсаңында өткен тағылымды шара еңбек адамының мәртебесін арттыруға, қарапайым еңбекпен ел құрметіне бөленген аналарды ұлықтауға арналды.

Шардарада 1200-ден астам тұрғын «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы сенбілікке қатысты

Көктемнің алғашқы сенбісі Шардарада тазалық пен жаңарудың жарқын үлгісіне айналды. «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында аудан әкімі Арман Қарсыбаевтың тапсырмасына сәйкес көктемнің алғашқы күндерінен бастап қала көлемінде ауқымды абаттандыру және санитарлық тазалық жұмыстары қарқынды түрде бастау алды. Игі бастама аудандық деңгейдегі үлкен сенбілікке ұласып, бірлік пен ұйымшылдықтың айқын көрінісін көрсетті.

Сарыағашта Алғыс айту күніне орай кең көлемді сенбілік ұйымдастырылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашы болған «Таза Қазақстан» аясында «1 наурыз – Алғыс айту күніне» орай Сарыағаш ауданында кезекті ауқымды сенбілік ұйымдастырылды. Іс-шара барысында республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының бойында, сондай-ақ елді мекендердің ішкі көшелері мен қоғамдық орындарында кең көлемді тазалық жұмыстары жүргізілді. Таңғы сағат 09:00-ден бастап әр мекеме өзіне бекітілген аумақта санитарлық тазалық шараларын атқарды.

Осы RSS каналға жазылу