Super User

Super User

Шымкент: Әлеуметтік кәсіпкерлерге 5 миллион теңгеге дейінгі мемлекеттік гранттар ұсынылады

Шымкент қаласында әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған жаңа мүмкіндік ашылды. 2025 жылдың 29 қазаны мен 5 қарашасы аралығында әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері үшін қайтарымсыз мемлекеттік гранттарға өтінім қабылдау басталады. Өтінімдер kezekte.kz электронды порталы арқылы қабылданады. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары, әкімдік аппаратының ресми өкілі Сәрсен Құранбек хабарлады.

Шымкенттік балуан Марат Байқамұровтың – “Қазақстан барысы-2025” турниріне үшінші рет қатысуы

Астана қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында қазақ күресінен өткен дәстүрлі XV республикалық «Қазақстан барысы – 2025» турнирінде Шымкент қаласының намысын қорғаған балуан Марат Байқамұров жеңімпаз атанды. Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Шымкент қаласы әкімдігінің ресми өкілі, қала әкімінің орынбасары Сәрсен Абайұлы Құранбек “Қазақстан барысы-2025” турнирінің жеңімпазы туралы айтып, оның жетістіктеріне тоқталды.

Шымкентте тұмау мен ЖРВИ-дің алдын алу шаралары күшейтілді

Шымкент қаласында 2025–2026 жылғы эпидемиологиялық маусымның басталуымен тұмау және жіті респираторлық вирустық инфекциялардың өсуі байқалуда. Эпидемиологиялық кезең 1 қазаннан 30 сәуірге дейін жалғасады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Шымкент қаласы әкімдігінің ресми өкілі, қала әкімінің орынбасары Сәрсен Абайұлы Құранбек мәлімдеді.

Осы RSS каналға жазылу