Super User

Super User

Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов №5 жылу орталығының жұмысын бақылады

Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов №5 жылу электр орталығына барып, қазандықтарды қайта құру жұмыстарының барысын бақылады. Жоба аясында №7, 8, 9, 10, 11, 12 қазандықтар толық жаңғыртылып, тозу деңгейі 87,2%-дан 25%-ға дейін төмендетілді.

Кентауға қарасты Хантағы мен Байылдыр ауылдарында улы газдың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Кентау қаласы Төтенше жағдайлар бөлімінің ұйымдастыруымен Хантағы және Байылдыр ауылдарында тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шараға қала әкімдігі, Жастар ресурстық орталығының еріктілері, қалалық газ мекемесі, қалалық электр желісі қызметкерлері және ауыл әкімдіктерінің мамандары бірлесе қатысты.

Кентау қаласында көпқабатты тұрғын үй аумағында заңсыз салынған нысандарға зерделеу жұмыстары жүргізілмек

Кентау қаласындағы Ш.Уәлиханов көшесі 68 көпқабатты тұрғын үй маңында орналасқан дүкеннен өрт шығып, жақын тұрған тұрғын үйге залал келтіргені туралы ақпарат тараған болатын. Оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында қала әкімі Жандос Тасов нысан басына барып, жауапты мамандармен бірге жағдайды тексерді.

Осы RSS каналға жазылу