Республика күніне арналған веломарафон шымкенттіктерді сергітті
25 қазан — Республика күні мерекесіне орай Шымкент қаласында биыл алғаш рет қала тұрғындары арасында ауқымды веломарафон ұйымдастырылды. Мерекелік көңіл-күй мен спорттық серпін сыйлаған бұл шараға 300-ге жуық велосүйер азамат қатысты.