Super User

Super User

Мемлекет басшысы Еуропалық Кеңес Президентін І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады

Салтанатты рәсімде Қасым-Жомарт Тоқаев Антониу Коштаның Қазақстан мен Еуропа Одағы арасындағы серіктестікті нығайтуға қомақты үлес қосқанын атап өтті.

Антониу Кошта қонақжайлық танытқаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылығын білдірді

Сонымен қатар Қазақстан мен Еуропа арасындағы ықпалдастықтың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, Еуроодақтың елімізбен жан-жақты ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге дайын екенін растады. 

Еуропа Одағы – Қазақстанның ірі сауда және инвестициялық серіктесі

Былтыр екіжақты тауар айналымы шамамен 50 миллиард долларға жетті. Ал 2005 жылдан бері елімізге келген инвестицияның жалпы көлемі 200 миллиард долларға жуықтады. Еуропа Одағының Орталық Азиямен сауда-саттығының 80 пайызы Қазақстанға тиесілі.

Осы RSS каналға жазылу