Super User

Super User

Түркістан облысында жылыту маусымы талапқа сай өтіп жатыр

Түркістан облысында 2025-2026 жылдардағы жылыту маусымының қалыпты өтуі облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің қатаң бақылауында. Апта басында өңір басшысы бұл бағыттағы жұмыстарды тағы бір рет саралап, жауаптыларға нақты тапсырмалар берді. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасовтың айтуынша, қазіргі таңда өңірде көмір қоры жеткілікті, әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлер толығымен жылумен қамтылған.

Түркістан облысы: «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы жұмыстар жылдың 4 мезгілінде де жалғаспақ

Түркістан облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы жұмыстар қарқынды жүргізіліп жатыр. Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен мәжілісте осы бағыттағы жұмыстар талқыланды. Күн тәртібіндегі негізгі мәселе бойынша облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов баяндама жасап, атқарылып жатқан жұмыстар туралы егжей-тегжейлі мәлімет ұсынды.

Түркістан: облыстық маңызы бар автомобиль жолдары қысқы маусымға толық дайын

Түркістан облысы аумағындағы жалпы пайдаланымдағы облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының ұзындығы 3919,04 шақырымды құрайды. Оның ішінде, бірінші кезекте қардан тазаланатын және инертті материалдар себілетін жолдар 1943,3 шақырым болса, таулы аймақтарда орналасқан, қар қатты басып қалу қаупі жоғары учаскелер – 434 шақырым. Облыстық маңызы бар автомобиль жолдары бойынша 2025-2026 жылдар аралығындағы қысқы дайындық жұмыстарын «Оңтүстік жолдары» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны жүргізуде.

Түркістан облысында 219,7 мың гектар жайылым жер мемлекет меншігінде қайтарылған

Түркістан облысында барлық жер қоры 11 млн. 610,3 мың гектарды құрайды. Оның ішінде, ауыл шаруашылығы мақсатындағысы – 4527,3 мың гектар, елді мекендер – 807,8 мың гектар, өнеркәсіп, байланыс және басқа да мақсатында – 140,4 мың гектар, ерекше қорғалатын аймақ – 431,4 мың гектар, орман қоры – 3 029,87 мың гектар, су қоры – 134,6 мың гектар, босалқы – 2 539 мың гектар.

Осы RSS каналға жазылу