Super User

Super User

Түркістан облысында суару суын жеткізуге арналған келісімшарттарды цифрлық жүйе арқылы рәсімдеу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр

Су ресурстары және ирригация министрлігі, «Су ресурстары ақпараттық-талдау орталығы» КЕАҚ және «Қазсушар» РМК мамандарынан құралған жұмыс тобы Түркістан облысының Жетісай, Мақтаарал, Шардара, Созақ және Отырар аудандарында жаңа биллинг ақпараттық жүйесін пилоттық режимде енгізуді бастады.

Түркістан облысы: Тәуелсіздік күні қарсаңында Созақ ауданында жаңа тұрғын үй пайдалануға берілді

Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында Түркістан облысы Созақ ауданындағы Шолаққорған ауылында жаңа тұрғын үй ел игілігіне пайдалануға берілді. «Жеткіншек» шағын ауданында бой көтерген 2 қабатты тұрғын үйде 16 пәтер бар. Бұл пәтерлердің кілттері апатты жағдайдағы үйлердің тұрғындарына табысталды.

Түркістанда «Жол қауіпсіздігі – ортақ жауапкершілік» атты кең ауқымды профилактикалық форум ұйымдастырылды

Түркістан қаласында Полиция департаменті мен облыстық прокуратураның ұйымдастыруымен «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету аясында «Жол қауіпсіздігі – ортақ жауапкершілік» атты кең ауқымды профилактикалық форум ұйымдастырылды. Жиынға облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов, күштік құрылым басшылары, студенттер, жедел жәрдем және ең бастысы көлік жүргізушілері мен жол ережесін жиі бұзатын азаматтар қатысты.

Түркістан облысы: жаңартылған өткізу пункттері арқылы өтетін көлік ағыны 2,5 есе артқан

Елімізде жаңғыртудан өткен екі автомобиль өткізу пункті пайдалануға берілді. Атап айтқанда, Өзбекстанмен шекарада орналасқан «Қазығұрт» және Түркіменстанмен шекарада орналасқан «Темір баба» пункттері. Аталған нысандардың ашылуы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып жатқан шекара маңындағы инфрақұрылымды жаңғырту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның шеңберінде өткенін айта кету керек.

Осы RSS каналға жазылу