Super User

Super User

Шымкентте «Шымкент-қауіпсіз қала» іс-шарасы жүргізілуде

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы аумағында «Шымкент-қауіпсіз қала» жол картасы аясындағы бекітілген іс-шара жүргізілуде. «Шымкент-қауіпсіз қала» жол картасы аясындағы бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес, Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданында 21:00-ден кейін алкогольдік ішімдіктерді сатуға шектеу қою және 23:00-ден кейінгі қоғамдық тыныштықы сақтау бойынша түсіндірме жұмыстары жалғасуда.

Шымкент қаласы Қаратау ауданының әкімдігі қайырымдылық акциясын өткізді

Қалыптасқан дəстүр бойынша Шымкент қаласы Қаратау ауданы əкімінің аппараты жыл сайын оқу жылы басталар алдын мүгедек балалар, жетім балалар мен көпбалалы отбасы балаларына арналған акция өткізеді. Аталған акция биыл да өз жалғасын тауып отыр.

Шымкентте жол бойындағы тозығы жеткен шамдар ауыстырылуда

Шымкент қаласында тозығы жеткен, ақауы бар шамдар мен сынған шыны әйнектер ауыстырылып жатыр. Бұл бойынша шағымдар азаматтардан Шымкент қаласы әкімдігі ұйымдастырған «Біздің жұмысымызға шағым жасаңыз» акциясы аясында келіп түскен.

Шымкентте қалалық төтенше жағдай бойынша комиссияның отырысы болып өтті

Шымкент қаласындағы Қазанғап ақын көшесіндегі үйдегі 8 пəтердің төртеуіндегі қабырғада ені 10 см жарық пайда болған. Қазіргі таңға дейін бұл пəтерлерде 11 адам тұрып келген екен. Осыған орай үйге тиісті сала мамандары зерттеу жасаған. Тексерудің қорытындысы Шымкент қаласы əкімінің орынбасары Н.Ергешбектің төрағалығымен өткен төтенше жағдай бойынша қалалық комиссияның шұғыл отырысында талқыланды.

Осы RSS каналға жазылу