Super User

Super User

Түркістан қаласында «Ән аға-жан аға» атты гала-концерт болып өтті

Түркістан облыстық Мәдениет басқармасына қарасты Ш. Қалдаяқов атындағы филармония өнер шеберлерінің кезекті Ш.Қалдаяқовтың 95 жылдығына және Өнер ордасының жылдық қорытындысына арналған «Ән аға-жан аға» атты Гала-концерті өтті.

Түркістан қаласында «Шексіз әлем» атты жаңа жылдық керекелік іс-шара өтті

Бүгін Түркістан қаласындағы «Rixos» қонақ үйінде ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған «Шексіз әлем» атты жаңа жылдық мерекелік іс-шара өтті. Іс-шараның басты мақсаты – ерекше қажеттілігі бар балаларға қуаныш сыйлап, олардың қоғамдағы орны мен мүмкіндіктерінің шексіз екенін көрсету, сондай-ақ инклюзивті мәдениетті дамыту.

Түркістан қаласы мен Сауран ауданы әкімдігінің әскерге шақыру бекеті ашылды

Бүгін Түркістан қаласы мен Сауран ауданы әкімшілігінің әскерге шақыру бекеті күрделі жөндеуден өтіп, қайта пайдалануға берілді. Әскерге шақыру пунктінің ашылу салтанатына қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы, қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Амантайұлы, зиялы қауым өкілдері мен ардагерлер кеңесінің мүшелері, әскери қызметшілер мен мемлекеттік органдардың өкілдері, сонымен қатар әскерге аттанғалы тұрған сарбаздар мен белсенді жастар қатысты.

Түркістан қаласында толық жаңғыртудан өткізілген жедел медициналық жәрдем бекеті пайдалануға берілді

Бүгін Түркістан қаласындағы күрделі жөндеуден өткен №2 жедел медициналық жәрдем бекетін халық игілігіне табысталды. Бұрын ұзақ уақыт қараусыз тұрған ғимарат толықтай жаңғыртылып, заманауи талаптарға сай медициналық нысан ретінде қайта пайдалануға берілді.

Осы RSS каналға жазылу