Шымкент: Қоғамдық қауіпсіздік бақылауда

Өткен аптада Шымкент қаласы бойынша тергеу органдарының өндірісінде барлығы 179 қылмыстық іс тіркеліп, оның 2-і сотқа жолданды. Тіркелген істердің басым бөлігі алаяқтық (59 іс), ұрлық (41 іс), есірткінің заңсыз айналымы (12 іс) және жол-көлік оқиғаларына қатысты (10 іс) деректерден тұрады. Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз маслихатында қала әкімінің орынбасары, әкімдіктің ресми өкілі Сәрсен Құранбек осы туралы айтты.

Шымкент: Әлеуметтік саланы дамыуға бағытталған жаңа жобалар іске асуда

Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінде қала әкімінің орынбасары, әкімдіктің ресми өкілі Сәрсен Құранбек кезекті баспасөз мәслихатын өткізді. Онда Шымкентте әлеуметтік салада ауқымды жұмыстар атқарылып жатқаны сөз болды.

Шымкентте экотуризмді дамыту жобалары жүзеге асырылуда

Бүгін Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінде қала әкімінің орынбасары, әкімдіктің ресми өкілі Сәрсен Құранбек кезекті баспасөз мәслихатын өткізді. Онда апта ішіндегі өзекті әлеуметтік, құрылыс және спорт саласындағы маңызды мәселелер талқыланды. Соның бірі - шаһардын экотуризімін дамытуға бағытталған «Omir Shymkent» глэмпинг жобасы.

Шымкентті дрондар бақылауда

Шымкент қаласы әкімдігі мен «Қазақтелеком» АҚ «Smart Shymkent» жобасы аясында қаланы басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған жаңа жоба іске қосылды.

Көркем гимнастикадан "Шымкент қаласы әкімінің кубогы" халықаралық турнирі басталды

Бүгін Шымкент қаласындағы көркем гимнастика спорт кешенінде көпшілік асыға күткен «Шымкент қаласы Әкімінің Кубогы» халықаралық турнирі өз жалауын көтерді. Әсемдік пен үйлесімділікті, сұлулық пен шеберлікті ұштастырған бұл додаға еліміздің Астана, Алматы, Тараз және Шымкент қалаларынан бөлек, көршілес Өзбекстанның Самарқанд пен Навои қалаларынан келген спортшылар қатысуда.