Отырар ауданының әкімі Тәуелсіздік мерекесі аясында желтоқсаншылармен кездесті
Бүгін Отырар ауданының әкімі Қайрат Жолдыбайұлы мен аудандық мәслихат төрағасы Уәлихан Ұзақов 16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесі аясында желтоқсан оқиғасына қатысушылармен кездесті. Кездесуде аудан басшысы желтоқсан оқиғасының ызғары мен бейбіт күннің бағасы жайлы айтып, еркіндіктің қадіріне жете білудің маңыздылығын атап өтті.