Кентауда аулаларды абаттандыру жұмыстары басталды
Кентау қаласында аулаларды абаттандыру жұмыстары бастау алды. Жалпы қала аумағында көпқабатты тұрғын үйлерге қарасты 67 аула бар. Биыл соның 33 ауласында абаттандыру жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Аталған жоба 2027 жылға дейін жалғасатын өтпелі болып табылады.