Super User

Super User

Түркістан облысы: Шолаққорғанның даму көрсеткіштері мен алдағы міндеттер талқыланды

Түркістан облысы Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков Шолаққорған ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Жиын барысында округ әкімі Жеңісәлі Төлепбергенов тұрғындарға ауылдық округте атқарылып жатқан жұмыстарды кеңінен таныстырды.

Түркістанда қала келбетін көркейтуге үлес қосқан суретшілер марапатқа ие болды

Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы «Қабанбай батыр» ескерткіші аумағындағы қабырғаға салынған муралдар байқауының жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттады. Іс-шара барысында қала басшысы суретшілердің еңбегін жоғары бағалап, олардың шығармашылығы Түркістанның тарихи және мәдени келбетін жаңа қырынан танытып, шаһардың сәулеттік болмысына ерекше сән бергенін атап өтті.

Түркістан облысының 56 педагогы жаңа көшбасшылар қатарына енді

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі 2023 жылдан бастап Президенттік жастар кадрлық резерві үлгісінде «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» жобасын іске асырып келеді.

Түркістан: Қазығұрт ауданының оқушылары халықаралық «FIRST Robotcs» чемпионатының республикалық кезеңінде жүлдегер атанды

Жуырда ғана Алматы қаласында өткен халықаралық «FIRST Robotics» жарысының республикалық кезеңінде Түркістан облысы Қазығұрт ауданының «Union TUR» командасы «FIRST Tech Challenge» санаты бойынша II орын иеленді! Чемпионат 2025 жылдың 22-23 қараша күндері өтті.

Осы RSS каналға жазылу