Super User

Super User

Түркістан облысы: білім саласындағы ашықтық пен есептілік басты талапқа айналуы тиіс

Түркістан облысы білім саласындағы ашықтық пен цифрландыруды жетілдіру бағытында маңызды қадамдар жасауда. Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтың бастамасымен салаға нақты тапсырмалар беріліп, цифрлық теңсіздік пен жүйесіздікті жою басты міндет ретінде белгіленді. Мәжілісте білім жүйесіндегі күрделі мәселелер талқыланып, шешу жолдары нақтыланды.

Сайрам ауданына қарасты Қарамұрт ауылында жаңа жедел жәрдем бекеті ашылды

Мемлекет басшысы мен облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, өңір халқының шұғыл медициналық көмекке қолжетімділігін арттыру, қызмет сапасын жақсарту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Сол бастамалардың нақты көрінісі – бүгін есігін айқара ашқан жаңа жедел жәрдем бекеті.

Түркістан облысын сапалы электрмен қамту жобалары талқыға түсті

Түркістан облысы қарқынды дамып келеді. Инфрақұрылым, соның ішінде электрмен қамту жүйелері де заманауи талаптарға сай болуы тиіс. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-ның басшылығымен кездесіп, өңірді электр энергиямен қамту бағытындағы жобаларды талқылады.

Түркістан облыстық арнайы экономикалық аймақты сапалы инфрақұрылыммен қамту жұмыстары жалғасуда

Түркістан облысындағы «Turan» арнайы экономикалық аймағының аумағы 4 414,39 гектарды құрайды. Арнайы экономикалық аймақ 9 қосалқы аймақтан тұрады. Бүгінгі таңда «Turan» АЭА аумағында жалпы құны 1 061,16 млрд теңгеге 12 713 жұмыс орнын құрайтын 189 жоба тіркелген. Оның ішінде, жалпы құны 255,9 млрд. теңге болатын 40 жоба іске асырылып, 1 353 тұрақты жұмыс орны құрылды.

Осы RSS каналға жазылу