Түркістанда қала келбетін көркейтуге үлес қосқан суретшілер марапатқа ие болды
Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы «Қабанбай батыр» ескерткіші аумағындағы қабырғаға салынған муралдар байқауының жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттады. Іс-шара барысында қала басшысы суретшілердің еңбегін жоғары бағалап, олардың шығармашылығы Түркістанның тарихи және мәдени келбетін жаңа қырынан танытып, шаһардың сәулеттік болмысына ерекше сән бергенін атап өтті.