Super User

Super User

Түркістан облысы: Түлкібас ауданында «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасы аясында дәрігерлік амбулатория ашылды

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасы аясында Түлкібас ауданына қарасты Азаттық елді мекеніне заманауи дәрігерлік амбулатория салынып, ел игілігіне пайдалануға берілді. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев, Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуалиев, аудан әкімі Асқар Естібаев пен мәслихат төрағасы Серғали Сәрсенбаев ауыл тұрғындарының қуанышымен бөлісіп, құттықтады.

Түркістан облысы: Келес ауданындағы Кеңдала, Көгерту елді мекендері қайтарылған активтер есебінен сапалы ауыз сумен қамтылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елді мекендерді 100 пайыз сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасы аясында Түркістан облысында маңызды инфрақұрылымдық жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Бүгін Келес ауданындағы Кеңдала мен Көгерту елді мекендерінде су нысандары ел игілігіне берілді.

Сарыағаш ауданына қарасты Нұрлы жол елді мекенінде жаңа дәрігерлік амбулатория ел игілігіне берілді

Түркістан облысы Сарыағаш ауданына қарасты Нұрлы жол елді мекенінде жаңа дәрігерлік амбулатория бой көтеріп, ел игілігіне берілді. Медициналық мекеменің ашылу салтанатына Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, көпшілікті қуанышты сәтпен құттықтады. Облыс басшысы халықтың денсаулығын жақсарту – басым бағыттардың бірі екенін атап өтіп, өңірде денсаулық сақтау инфрақұрылымын жетілдіру мақсатында жаңа медициналық мекемелер бой көтеріп жатқанын айтты. Сондай-ақ шалғай ауылдарға дейін сапалы қызметтің қолжетімділігін артыру мәселесі назарда болатынын жеткізді.

Түркістан: Қазығұрт ауданында екі медициналық нысан пайдалануға берілді

Қазығұрт ауданына қарасты Алтынтөбе және Ақбастау ауылдарында алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған фельдшерлік-акушерлік пункт пайдалануға берілді. Ашылу салтанатына аудан әкімі Азизхан Исмаилов және «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Алтынсары Үмбеталиев қатысып, ауыл тұрғындарын маңызды әлеуметтік нысанның ашылуымен құттықтады.

Осы RSS каналға жазылу