Түркістан облысының жас дәрігерлері алғаш рет мемлекеттік баспанаға ие болды
Түркістан облысында шалғай ауылдардағы медициналық мекемелердемаман жетіспеушілігі мәселесі шешімін табуда. Бұл мақсатта жас дәрігерлерді ең алдымен баспанамен қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлініп отыр. Түркістан облысы әкімі Жансейіт Түймебаевтың қолдауымен соңғы жарты жылдың ішінде жоғары оқу орнын бітіріп келген 28 жас дәрігер үйлі болды. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметін сілтеме жасап, «AQ-QARA.KZ» ақпарат агенттігі хабарлайды.