Түркістан облысының дәрігері денсаулық сақтау саласына қосқан үлесі үшін жоғары марапатқа ие болды

Астанада үздік дәрігерлер марапатталды. 16 дәрігердің арасында Түркістан қаласы емханасының бас дәрігерінің орынбасары Райымбек Тасырбаев та үздіктер қатарынан орын алды. Дәрігер сандық медицина саласын дамытуға қосқан үлесі үшін, инновациялар мен жаңа технологияларға жол ашып, сандық технологияларды қолдана отырып, денсаулық сақтауды өзгертуге кәсібилігі мен дайындығы үшін диплом мен бағалы сыйлыққа ие болды. 

Түркістан облысында медициналық ақпараттық жүйе 100% енгізілген

Ақпараттық технологиялар Қазақстандағы медицина мен денсаулық сақтаудың ажырамас бөлігіне айналған. Диагноздар, талдау нәтижелері, тағайындау және т.б. дәрігерлер мен медициналық мекемелер күн сайын науқастарға қатысты үлкен көлемде деректер жинайды. 

Түркістан қаласында 8 медициналық мекеме бой көтереді

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Түркістан облысына арнайы іссапармен келді. Ол облыс әкімі Жансейіт Түймебаевпен бірге Түркістан қаласындағы бірқатар емдеу мекемелерін аралап, тыныс-тіршілігімен танысты. 

Түркістан облысы: Сарығаш ауданындағы ауруханаға көлік кілті табыс етілді

Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Сарыағаш ауданына сапары барысында өңірдегі орталық ауруханаға арнайы аялдады. Мекеменің инсульт орталығындағы соңғы заманауи құрылғымен жабдықталған томография кабинетін саланатты түрде ашып берді. 

Түркістан облысы: Денсаулық сақтау басқармасы өз мамандарына жағдай жасауда

Түркістанға қоныс аударған облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшылығы өз мамандарына жан-жақты жағдай жасауда. Басқарма қызметкерлеріне материалдық көмек пен ыстық тамақ берілуде. Бұл туралы Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев БАҚ өкілдерімен кездесу барысында мәлімдеді. 

Түркістан облысы: Кентау қаласында инсульт орталығы ашылды

Кентау қаласындағы қалалық орталық ауруханасында инсульт орталығы ашылды. Орталықтың ашылу салтанатына Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ербол Тасжүреков, Кентау қаласының әкімі Әбдібақыт Мақұлбаев, Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев және медицина саласының ардагерлері қатысты. Бұл туралы «AQ-QARA.KZ» хабарлайды «ontustik.gov.kz-ке» сілтеме жасап.