Түркістан облысының әкімі — Вильгельм Томсен медалінің иегері атанды
Түркістан қаласында өткен «Киелі Түркістан және Түркі дүниесінің рухани жаңғыруы» атты ғылыми-теориялық конференцияда бірқатар ғалымдар мен қайраткерлер және БАҚ өкілдері марапатталды. Биыл көне түркі жазуының алғаш оқылғанына 125 жыл толып отыр. Осыған орай, жазуды алғаш оқыған ғалымның атындағы сыйлық әзірленген болатын. Түркология саласына ғалым әрі саясаткер ретінде еңбек сіңіре білген Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевқа осы Вильгелм Томсен медалі салтанатты түрде тапсырылды.