Мақтаарал ауданына мемлекеттік инспектор жұмыс сапарымен келді

Мақтаарал ауданына Қазақстан Республикасы Президент әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы С.С. Қожаниязов жұмыс сапарымен келіп, былтыр ғана жаңадан құрылған ауданның тыныс-тіршілігімен танысты. Ең алдымен мемлекеттік инспектор Мақтаарал ауылдық округі, Өркениет елді мекеніндегі "Әліби" шаруа қожалығындағы мақта терім науқанының куәсі болды.

Түркістан облысы: Келес ауданының Әдеп жөніндегі уәкілі азаматтарды қабылдайды

Келес ауданы бойынша жергілікті атқарушы органдардағы Әдеп жөніндегі уәкілі Оразбеков Талғат Бегалыұлы 2019 жылғы 12 желтоқсан күні сағат 15.00-де аудан әкімі аппараты ғимаратында (Абай ауылы, Т.Рысқұлов көшесі, №89) мемлекеттік қызметшілерді және басқа да азаматтарды қабылдау өткізеді. 

Түркістан облысы: Келес ауданында облыстық Әдеп жөніндегі уәкіл азаматтарды қабылдайды

Түркістан облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Әмірдин Мұхиденұлы Әлішев 2019 жылғы 19 желтоқсан күні сағат 15.00-де Келес ауданы әкімі аппаратының ғимаратында (Абай ауылы, Т.Рысқұлов көшесі, №89) мемлекеттік қызметшілерді және басқа да азаматтарды қабылдау өткізеді. Бұл туралы Келес ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі хабарлады. 

Түркістан: Жетісай қаласында жұмыссыздықпен күрес күшейген

Түркістан облысы, Жетісай қаласында өткен 9 айдың қорытындысы бойынша экономикалық белсенді халық саны артқан. Жетісай қаласында 2019 жылы инфрақұрылымды және тұрғын үй коммуналдық шаруашылықты дамыту арқылы жұмыспен қамту ісі бойынша 152 нысанға жергілікті жұмыссыздар тартылған болса, 2 азаматқа жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша 15,8 млн теңге несие берілген.

«Адал жолды таңдаймыз» марафоны: Сарыағаштықтар эстафетаны қазығұрттықтарға табыстады

Түркістан облысы Сарыағаш ауданында Жастар жылына орай және сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұйымдастырылған «Адал жолды таңдаймыз» атты жастар марафон-эстафетасы өз мәресіне жетті. Еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің бастамасымен және аудан әкімшілігінің ұйымдастыруымен өткен шара енді Қазығұрт ауданында жалғасатын болды.

Түркістан облысы: Мақтааралда республикалық акция өтті

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен бүгін Мақтаарал ауданында "Халық заңгері" жалпыреспубликалық акциясы өтті. Акцияның мақсаты халықтың құқықтық сауаттылығы мен мәдениетін көтеру, тегін заң көмегін көрсету болып табылады. 

В Туркестане прошел первый Туркестанский антикоррупционный форум

«Как известно, 9 декабря во всем мире отмечается как Международный день борьбы с коррупцией. В преддверии этой знаменательной даты по инициативе Департамента Агентства РК по противодействию коррупции по Туркестанской области совместно с акиматом Туркестанской области и Международным казахско-турецким университетом имени Х.А.Ясави состоялся первый Международный Туркестанский антикоррупционный форум на тему: «Лучший международный опыт борьбы с коррупцией», передает ИА «AQ-QARA.KZ» со ссылкой на пресс-службу акима Туркестанской области.