Түркістанда қайықпен серуен құруға болады
Болашақта Түркістандағы кесене маңында қайықпен жүріп серуендеуіңіз мүмкін. Бұл қаланың бас жоспарында көрсетілген. Көне шаһардың басты құжаты бекітілсе, рухани ордамыз адам танымастай кейіпке енетін болады. Халықаралық қала деңгейіне жетуді мақсат тұтып отырған шаһар басшысы Рашид Аюпов туристер үшін де тартымды жобаларды қолға алмақ. Осы және өзге де жоспарлар бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері және әлеуметтік желі белсенділерімен болған жиында талқыға түсті.