Шымкент: «Нұр Отан» партиясы қоғамдық қабылдау өткізді
Шымкент қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауында азаматтарды қабылдады, деп хабарлайды AQ-QARA.KZ тілшісі.
Шымкент қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауында азаматтарды қабылдады, деп хабарлайды AQ-QARA.KZ тілшісі.
Шымкентте «Отбасы жарасымдылығы »жобасы негізінде үш мың көпбалалы ана кәсіби біліктілігін арттырды. Олар аспаз, тігінші шаштараз және тағы басқа мамандық иесі атанған. Тіпті кейбірі өз бизнесін ашып үлгерген. Бұл туралы Отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқарма басшысының есебінде айтылды.
Шымкентте Отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқарма жанында «Отбасы кеңесі» пилоттық режимде жұмыс істеуде. Аптаның әр сейсенбі күнінде бас қосатын «Отбасы кеңесі» – ажырасуға арыз берген азаматтармен бетпе-бет сөйлесіп, отбасының бұзылуына әсер еткен факторларды талдап, өзекті мәселелермен жұмыс істейді.
Жастарға берілетін жалдамалы пәтерлерді алу үшін қандай құжаттар тапсыру керектігі жөніндегісауалдарға Шымкент қаласы отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Жандос Қалтаев «Ақпараттық — коммуникациялық орталығында» өткен баспасөз брифингінде жауап берді.
Бүгін Шымкентте Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Кеңестің төрағасы Нұрғазы Бұхарбай жетекшілік еткен жиында қаланың құрылысы, көркі және сәулеттендіру мәселелері талқыланып, атқарылған жұмыстар бойынша сын-ескертпелер айтылып, бірқатар ұсыныстар түсті.
Кәсіпкерлікті қолдау мақсатында белгіленген мемлекеттік 505 мың теңге грант иелері марапатталды. Жеңімпаздарды Шымкент қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Нұрғали Қуандықұлы Егембердиев арнайы құттықтады.
Бірі мал шаруашылығымен айналысып жатса, енді бірі тігін цехын ашқан. Жәрдемақы алған тұрғындардың ішінде кондитерлік цех ашып, түрлі тәттілерін саудаға шығарып отырғандар да бар.
Ұзындығы 4 шақырымға созылған Шымкенттегі Адырбеков көшесін жөндеу үшін бюджеттен 1 млрд. тенгеден астам қаражат қаралған. Мердігерлер бүгінгі таңда сол қаржының 400 млн. тенгесін игердік дейді. Құрылыстың қарқынды жүруіне жер асты коммуникациялық желі қолбайлау болып тұр екен.