Түркістан облысында әлеуметтік нан бағасы көтерілмейді
Түркістан облысында 1-сұрыпты ұннан жасалған әлеуметтік нан бағасының көтерілуіне жол берілмейді. Өңірде әлеуметтік нан бағасының өсуіне қарсы жүйелі шаралар жүзеге асуда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау мақсатында қаладағы сауда орындары мен наубайхана өкілдерінің қатысуымен «Түркістан» ӘКК АҚ тұрақтандыру қорының шұғыл жиналысы өткізіліп, бағаның көтерілуіне жол бермеу шаралары талқыланды.