Түркістан: Жетісайда діни тұрақтылықты қамтамасыз ету тақырыбында семинар-кеңес өтті
Жетісай аудандық «Нұғман» орталық мешітінде дін қызметкерлерінің семинар-кеңесі болып өтті. Семинар-кеңеске арқау болған тақырып – қоғамдағы діни тұрақтылықты сақтау, діни экстремиз мен терроризмнің алдын алу мәселелері болды. Аталмыш жиынға ҚазҰУ аға оқытушысы, Phd докторы Құдайберді Бағашаров пен М.Әуезов атындағы ОҚМУ доценті Ермек Бекбосынов, Жетісай ауданы мешіттерінің имам-молдалары қатысты.