Арыс қаласының тұрғындары білікті дәрігерлерге тексеріліп жатыр
Арыс қаласының жүздеген тұрғыны білікті дәрігерлерге қаралуға келді. Түркістан облысында «Денсаулық жолы» республикалық шарасы өтуде. Ауқымды шара Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық басқармасы мен облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйымдастыруымен жүзеге асты.