Шымкент: диспансерлік есептегі 6285 науқас қажетті дәрілермен қамтамасыз етілген
Шымкент қаласы әкімідігінің ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен бүгінгі брифингке Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі өкілдері қатысты. Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесу барысында қатерлі ісік ауруымен есепте тұратын науқастарға онкологиялық препараттардың қамтамасыз ету мәселесі сөз болғанын айта кеткен жөн.