Түркістан облысында білікті мамандар тегін заң көмегін көрсетті
Түркістан өңірінің барлық аумағында “Халық заңгері” науқаны өтті. Тұрғындарға тегін заң көмегі көрсетілген шара Қазақстанның барлық қаласында бір уақытта, бір күнде өткізілді. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Параграф ақпараттық жүйесі және zakon.kz интернет-басылымы мұрындық болған шараны Қазақстанның үздік заңгерлері мен адвокаттары қолдады. Мұндағы басты мақсат – құқықтық мәселелер бойынша тегін заң көмегін көрсету.