2025 жылға қарай Түркістанға келетін туристердің санын 5 млн-ға жеткізу көзделуде
Жыл соңына дейін Түркістан облысында Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 46 жоба мен 168 іс-шара өткізу жоспарланған. Бұл туралы бүгін Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Орталық коммуникациялық қызметі ұйымдастырған брифингте мәлімдеді. Аймақ басшысы өз сөзінде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының барлық басым бағыттары бойынша атқарылған нақты жұмыстар мен жүзеге асырылған ауқымды жобаларға кеңінен тоқталды.