Түркістан қаласында «Биле, биле» байқауы ұйымдастырылды
Бүгін Шәмші Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайында қалалық "Биле, биле" атты би байқауы өтті.
Бүгін Шәмші Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайында қалалық "Биле, биле" атты би байқауы өтті.
Түркістанды көгалдандыру жұмыстары жалғасуда. Қала аумағына 3 жылда 3,5 миллион түп тал көшетін егу жоспарланған. Сондықтан көне шаһарда әр аптаның соңғы күндері жалпыхалықтық сенбілік ұйымдастырылуда. Оған облыс әкімдік қызметкерлерінен бастап барлық мемлекеттік орган өкілдері қатысуда.
Түркістан облысының қоғамдық-саяси тарихы архивінің басшысы Гүлнәр Шардарбекова және бірнеше мұрағатшы Мақтаарал ауданына іссапарлап қайтты. Іссапар барысында Мақтаарал ауданының құрметті азаматы, Социалистік Еңбек Ері, агротехник Нұрмұхамед Есентаевтың 110 жылдық мерейтойына орай салтанатты іс-шарасы өтті.
Келес ауданы әкімдігіне қарасты ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2019 жылдың 9 айында атқарған жұмыстарының есебі тыңдалып, бөлім басшысының міндетін атқарушы Ербол Назаров баяндама жасады. Жалпы Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты мекемелер саны 44 құраса, оның ішінде аудандық мәдениет үйі, жастар ресурстық орталығы, аудандық тілдерді оқыту және дамыту орталығы, ауылдық мәдениет үйілерінің саны – 5, ауылдық клубтар – 10, кітапханалар – 24 және саябақтар саны екіні құрайды.
Түркістан қаласының экологиялық ахуалын тұрақтандыру және қолайлы климат қалыптастыру мақсатында облыс әкімдігінің ұйымдастыруымен апта сайын сенбілік өтетіні белгілі. Осы орайда облыс орталығы 32 секторға бөлініп, көгалдандыру, абаттандыру жұмыстары жүруде. Кезекті сенбілік өткізуге облыстық Қоғамдық даму басқармасы, "Nur Otan" партиясы Түркістан облыстық филиалы мен үкіметтік емес ұйымдар және ерікті жастар бастама көтерген болатын.
Күллі түркі жұртшылығы үшін қасиетті де киелі болып саналатын Түркістан мен Отырарды бір-бірінен бөле-жарып қарауға әсте болмайды. Көне Түркістан мен Отырарды шын мәнінде киелі деген абыройлы атына сай әсемдігі көз тартарлықтай көрікті мекенге айналдыру мақсатында көптеген ауқымды, игілікті жұмыстар жүзеге асырылуда.
Мақтаарал аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің “Жастар ресурстық орталығы” КММ мен аудан орталығы Мырзакент кентінде орналасқан Пушкин атындағы жалпы орта мектебінің ұйымдастыруымен 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сыныптасы Рауза Мәтеқызы Төлемісовамен кездесу болды. Кездесуге “Nur Otan” партиясы Мақтаарал аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Досым Асабаев пен аудандық “Жастар ресурстық орталығы” КММ басшысы Сүндет Кенжебаев, кенттер мен ауылдық округтердегі жасақталған өзін-өзі басқару орталықтарының жастары, еріктілер клубының мүшелері мен сан салада жетістіктерге жетіп жүрген жас мамандар, этномәдени орталықтарының үздік жастары мен оқу озаттары, “Жас Отан” жастар қанатының мүшелері қатысты.
«ALTYN KUZ-2019» мерекесі мен ауыл шаруашылығы қызметкерлері күні жоғары деңгейде аталып өтті. Мерекелік шараға ауыл шаруашылығы еңбеккерлері мен шаруа қожалығы төрағалары, депутаттар мен аудан-қала əкімдері қатысты.