Түркістан облысы: Бәйдібек ауданында жайылым жерді жақсарту жобасы қолға алынды

Жайылым жерді жақсарту – Елбасы тапсырмасы. Осы міндеттің үдесінен шығу мақсатында Бәйдібек ауданында үлкен жоба қолға алынып отыр. Жамбыл ауылдық округіне қарасты Жүзімдік елді мекеніндегі «Агро Логистик» шаруа қожалығының 100 гектар жеріне ауыспалы жайылым жобасы енгізілді. 

Түркістан облысы: Бәйдібек ауданында автожолдың тұсауы кесілді

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп аяқталған 11 шақырымды құрайтын «Ақбастау-Тұрақты-Қаратас» автомобиль жолы пайдалануға берілді. Ақбастау ауылдық округі тұрғындарының қуанышымен бөліскен аудан басшысы Бақытбек Танагөзов құттықтау сөз сөйлеп, жаңадан пайдалануға берілген автожолдың лентасын салтанатты түрде қиды. 

Тұңғыш Президент күні қарсаңында Келес ауданында кәсіпорын ашылды

1 – желтоқсан Тұңғыш Президент күні қарсаңында Елбасының шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауы арқасында Келес ауданы Абай ауылының тұрғыны Алтынбаев Өмірсерік Әлібайұлы өз қаржысы есебінен «Qagaz» атты шағын цех ашып, бүгінгі таңда 7 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Шағын цехтың негізгі қызметі шаруашылық сабыны және дәрет қағазын шығарумен айналысады.

Жетісайда субсидия қағидаттарын түсіндіруге арналған жиын өтті

Жетісай ауданы әкімдігінде басым дақылдардың құнын субсидиялау қағидасының талаптарын түсіндіру мақсатында алқалы жиын өтті. Мәжіліске Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Тұрғынбек Оспанов, Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы Әлібек Пләлов, Жетісай ауданы әкімінің орынбасары Асан Маханбетов және ауыл округ әкімдері, мақта өңдеу зауыттары мен фермерлік шаруа қожалықтарының басшылары қатысты. 

Қазығұрт ауданында кәсіпкерлік саласы қарқынды дамуда

Қазығұрт ауданында өнеркәсіп өнім көлемінің жыл сайын артуына өңірде ашылған индустриялдық аймақтың үлесі мол.  Бүгінгі таңда «Қазығұрт» индустриялдық аймағының жалпы аумағы - 13 гектар. Онда  1,9 млрд. теңгені құрайтын 7 жобаға жер телімі берілген. 2016-2017 жылдары 3 жоба іске асырылса, 2018 жылы 589 млн. теңгелік табиғи шырын сусын өндіретін «Көрік ШҚ» ЖШС-і жұмысын бастады. Ал 3 жобаны 2019 жылы іске қосу жоспарланған. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазығұрт ауданының әкімі Төлеген Телғараев  мәлімдеді.

Түлкібас ауданына биыл 13 мыңнан астам турист келген

Түлкібас ауданына ағымдағы жылдың 10 айында 13 мыңға жуық турист келген. Оның ішінде 700 адам шетелдің азаматтары. Жалпы өңір - этнотуризмді дамытуға қолайлы аймақ. Алдағы уақытта аймаққа келушілердің саны арта түседі деп жоспарланған. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түлкібас ауданының әкімі Нұрбол Тұрашбеков  мәлімдеді.

Өмірзақ Шөкеев Сайрам ауданының шаруаларымен Елбасы Жолдауын талқылады

Түркістан облысына келген ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев Түркістан облысының Сайрам ауданында арнайы жұмыс сапарымен барды. Елбасының 2018 жылдың 5 қазанындағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын талқылау мақсатымен келген вице-премьер аудандағы «DALA-FRUIT.KZ» ЖШС мен «Nurym Group» ЖШС-нде болып, ондағы шаруашылықтың бүгінгі жай-күйімен танысты.