Түркістан облысында 80 мың гектарға жуық суармалы жер ағын сумен қамтылады
Түркістан облысын дамытуға Үкімет ерекше екпін беріп отыр. Осы мақсатта облыс орталығында азық-түлік пен жасыл белдеулерді қалыптастыру, диқандарды ағын сумен қамтамасыз ету, Түркістан қаласын көгалдандыру және абаттандыру үшін серпінді жобаларіске асырылып жатыр. Бұл туралы облыстық мәслихаттың кезекті 38-сессиясында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев мәлімдеді.